«WorldSkills Kazakhstan» – жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттырып қана қоймай, кәсібилікті насихаттауды мақсат ететін қозғалыс. Бұл жастар арасында үлкен беделге ие. Жыл сайын ұлттық чемпионатқа қатысушылардың саны артып келеді. Чемпионат мақсаты кәсіптік мамандықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау, беделін арттыру қол еңбегін қажет ететін мамандықты таңдаған жастарды үздік болуға талпындыру, шеберлік дағдыларын дамыту және еңбек адамының мәртебесін дәріптеу болып табылады. Біздің колледжміз де жыл сайын жұмысшы мамандықтары бойынша чемпионатқа қатысып келеді.
Осы орайда 2018 жылдың 9-13 сәуір аралығында колледж білім алушылары арасында «World Skills Kazakhstan Aktobe» аймақтық чемпионатын өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындар иеленді. Олар :
- Франц Феликс — «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және ТКҚ» құзірттілігі бойынша II дәрежелі диплом. Жетекшісі- Кыдралина Б.Л.
- Бердибаев Бекзат және Маулемов Алим – «Слесарлық іс» құзіреттілігі бойынша II дәрежелі диплом. Жетекшісі- Дуймуханов С.Т.
2019 жылғы 22-25 сәуір аралығында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының студенттері арасында «WorldSkills Kazakhstan Aktobe-2019» чемпионаты өтті. Чемпионат 33 құзіреттілік бойынша өткізіліп, оған 180 студент қатысты. Ақтөбе Мұнай және Газ колледжінен чемпионатқа 7 құзіреттілік бойынша 8 студент қатысып, кәсіби біліктерін сарапқа салды. Қатысушылардың барлығы жүлделі орындарды иеленді. Олар:
- Цымбалов Владислав – «Веб-дизайн» құзіреттілігі бойынша II дәрежелі диплом. Жетекшісі — Умирзакова С.С.
- Маулемов Алим – «Дизельді қозғалтқышты жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша II дәрежелі диплом. Жетекшісі- Кыдралина Б.Л.
- Волков Евгений – «Шанақ жөндеу» құзіреттілігі бойынша II дәрежелі диплом. Жетекшісі- Кыдралина Б.Л.
- Бердибаев Бекзат және Волчков Иван – «Слесарлық іс» құзіреттілігі бойынша II дәрежелі диплом. Жетекшісі- Дуймуханов С.Т.
- Франц Феликс – «Жеңіл автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша
III дәрежелі диплом. Жетекшісі- Кыдралина Б.Л.
- Ибрагимов Руслан – «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша
III дәрежелі диплом. Жетекшісі- Умирзакова С.С.
- Ғинаят Сержан –«Электромонтаж» құзіреттілігі бойынша IV орын және медаль. Жетекшісі- Сисенбаева З.О.