• 2000 жылдан бастап жұмыс істейді
  • Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі

  • Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 10
    Телефон: +7 (7132) 56-45-12,
    Комиссияның телефоны: + 7 (7132) 59-53-28
    E-mail: info@aknig.kz

  • Колледж тарихы

    Жеке меншік  «Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі»

                   Колледж директоры Жаржанов    Сертай Куандыкович

    Қазақстан Республикасы

    Ақтөбе қаласы

    Маресьева 10 көшесі

    Тел: 8 (7132) 56-45-12

    Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі 20 жылдан астам тарихы бар білім беру саласында облысымыздағы  көшбасшы оқу орындарының бірі болып табылады. Колледж 20 мамандық бойынша ақылы және ақысыз түрде мамандарды даярлайды.

    Колледжіміз 2019-2020 оқу жылы кезекті аккредитациядан сәтті өтті.

    Колледж түлектері республикамыздың, ТМД елдерінің аумақтарында мұнай және газ, энергетика, машина құрастыру, спорт және өзге де салада білікті маман қатарында еңбек етуде. Колледждің  материалдық-техникалық базасы  екі спорттық-сауықтыру кешенімен, 50м. жүзу бассейнмен, шағын футбол алаңдарымен, тренажерлық залымен, оқу полигондарымен, жаңа технологиямен жабдықталған оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар, білім алушылардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын әрі қарай дамыту мақсатында колледжде екінші спортзал салынуда.   

    Жыл сайын колледж білім алушылары облыстық, республикалық және  халықаралық деңгейде өтетін спорттық жарыстар мен олимпиада, конференцияларға қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, жүзуден ұлттық құрама командасының мүшесі және спорт шебері Назарова Диана, тхэквондодан Азия чемпионы Жанбулатов Сәндібек және т.б. Колледж түлектері , спорт шеберлері Айбек және Алибек Камзеновтер, Сабыр Алмат және т.б еліміздің абыройын асқақтатуда. Жыл сайын өткізілетін «WORLDSKILLS KAZAKSTAN AKTOBE» чемпионатында білім алушыларымыз жүлделі орындарды иеленуде.

    Облысымыздағы жетекші өнеркәсіп орындарымен тығыз байланыстар орнатудың арқасында, өндірістік тәжірибеден өту барысында білім алушылар теориялық білімдерін іс тәжірибелерінде шыңдап және өндіріс орындарымен әлеуметтік серіктестіктер  орнату арқылы әр түрлі салада жетістіктерге жеткен  білім алушыларға демеушілік көмек көрсетілді. Колледждің әлеуметтік серіктестіктері   «СНПС – АқтөбеМұнайГаз» ЖШС,  «КазахОйл Актобе» ЖШС, АЗФ  Казхром»,  «Батыс Мунай» ЖШС және т.б..

    Қазіргі таңда колледж заманауи оқу орындарының қатарында келеді.

    Дизайн и разработка Медиа-агентства АктобеИНФО"